Бүкіл әлем құлпырады сен үшін,
Сен үшін, бәрі сен үшін ✨
💐Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сен үшін» атты мерекелік концертін өткізді. Концерт Ұлттық оркестр басшысы Медет Қуанышевтің әйелдер қауымына арнаған құттықтау тілегінен басталды.
🎼🎷🎺Кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев, ҚР өнер қайраткері Жәкен Омаров, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Толғанай Пазылақын, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Асқар Жүнісбеков, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Мархаба Сайланбек, Төлеби Нұрғали өнер көрсетті.
💫Кеш соңында оркестріміздің ер-азаматтары залға жиналған әйелдер қауымына гүл шоқтарын табыстап, сый-құрметтерін көрсетті.
🔥Бүгінгі кеш — бұрынғы кештерден өзгерек! Көңілге қуаныш, көзге жас сыйлаған әсерлі концерт арқылы аналарымызды қуанта алдық деген ойдамыз.
🌷Құрметті арулар, 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Барша ханымдарды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!