2021 жылдан бастап казірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде домбырашы ретінде қызмет етіп келеді
Шнаров Азамат Асылбекұлы 1992 жылы 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданына қарасты Тасмола ауылында дүниеге келген.
2008-2012 жылдары «Құрманғазы» атындағы Орал саз колледжінде,
2013-2017 жылдары «Құрманғазы» атындағы қазақ Ұлттық консерваториясында білім алған.
2018-2020 жылдары Алматы консерваториясында «Өнертану ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесін қорғап шықты.
2021-2024 жылдары аталмыш оқу орнының «Опера және симфониялық дирижерлау» мамандығы бойынша білім алды.
2010 жылдан «Дәулеткерей» атындағы қазақ халық аспаптар оркестірінде, 2014-2021 жылдар аралығында Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік Академиялық, фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы»
оркестрінде қызмет атқарған.
2021 жылдың наурыз айынан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі.
Әр жылдары, күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Сырлы сазы – Сейтектің»; Музыка зерттеушісі, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Хабидолла
Тастановтың 90 жылдығы аясында; Орал қаласы, Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер оталығында «Кербез күй»; Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Елге тағзым» атты
шығармашылық есеп беру концерттері өтті.
«Астанаға тарту», «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивальдерінің қатысушысы.
Неміс дирижеры және пианисті Матияс Манасидің және Кшиштоф Пендерецки атындағы Краков музыкалық академиясының профессор, дирижеры Станислав Кравчиньскидің шеберлік класынан өтті.
XIV «Шабыт» Халықаралық жастар фестивалінің; күйші Дина Нұрпейісова мен Сейтек Оразалыұлының 155 жылдығына арналған «Күй құдіреті» атты Республикалық домбырашылар сайысының; Құрманғазы
атындағы ХІІ Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының Бас жұлде иегері.
«Қазақстан» Ұлттық арнасының ұйымдастыруымен өткізілген телевизиялық «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы.
Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша»; Рыспай Ғабдиев атындағы; Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтын таяқша» дирижерлер байқауының лауреаты.
2019 жылы қазан айында Әзірбайжан мемлекеті, Баку қаласы Ұлттық консерваториясында екі мамандық бойынша ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтті (Дәстүрлі музыка өнері және Дирижерлау
мамандықтары бойынша).