Бүгін Құрманғазы оркестрінің ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор, Жалғасбек Бегендіковтің «Тұғыры биік дирижер» атты 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті.
Концерттің шымылдығы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Ермекқалиұлының құттықтауымен ашылды. Сондай-ақ оркестр директоры қазақи дәстүрге сай кеш иесінің иығына шапан жапты. Кештің арнайы қонағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева Астана қаласы Мәдениет басқармасының құттықтау хатын табыс етіп, жылы лебізін білдірді.
Дирижерлер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Әшіров, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Мади Өмірзақ, Азамат Шнаров.
Кеш қонақтары: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Күзембаев, Жеңіс Ысқақова, Рухия Батыршева.
Жеке орындауда: Халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай, Асел Рақымжан, Айжан Бегендикова.