Белгілі қазақ скрипкашысы Марат Бейсенғалиев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрімен бірге алғаш рет өнер көрсетті. Құрманғазы оркестрінің 88-ші концерттік маусымының ашылуында ол оркестр сахнасында Карл Дженкинстің “Палладио”туындысын және скрипкамен жеке шығарма орындады. Бұл әйгілі скрипкашының Қазақ өнерпаздарымен бірігіп алғаш рет өнер көрсетуі. Оның шеберлігі көрермендерді тәнті етті.
Марат БЕЙСЕНҒАЛИЕВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, СКРИПКАШЫ: Құрманғазы оркестрімен өнер көрсету үлкен құрмет. Оркестр ұжымы өзінің ұлттық мәртебесіне сәйкес жұмыс жасады.