2024 жылдың қаңтар айына бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұрмалы аспап артисті болып жұмысқа қабылданды.
Усурханов Еділ Сәрсенұлы 05 наурыз 1992 жылы Алматы облысында туған.
1998 -2006 жж. – «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында ұрмалы аспаптар сыныбын оқып бітірді.
2007 – 2011 жж. – П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде оқыды.
2010 жылы П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде 41 Республикалық конкурстың 3 орын иегері.
2011 — 2015жж. – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында ұрмалы аспаптар класын бітірді.
2015-2017 ж. — Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында ұрмалы аспаптар класын магистратурада білім алды.
2017-2019 жылдары — Тараз қаласында, Баласағұн филармониясында оркестр әртісі болып жұмыс істеді
2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры әртісі болды
2021-2024 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Отрар сазы оркестрінің артисті болып істеді
2024 жылдың қаңтар айына бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұрмалы аспап артисті болып жұмысқа қабылданды.