Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 2023 жылғы алғашқы гастрольдік сапарының бірінші күні Жамбыл облысының Шу ауданында сәтті өтті.
Гастрольдік концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, Халықаралық конкурстардың лауреаты Жадыра Аманова өнер көрсетті.
Концертте қазақстандық композиторлардың танымал шығармалары және әлемдік классика жауһарлары шырқалды.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Бас дирижер Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген.
Шу ауданының тұрғындарына жылы лебіздері мен құрмет-қошеметтері үшін алғыс білдіреміз!