Бүгін Құрманғазы оркестрінің Жамбыл облысына ұйымдастырған гастрольдік сапарының екінші күні. Кезекті гастрольдік концерт Тараз қаласының «Баласағұн» орталық концерт залында өтті.
Концерттің құрметті қонағы болған барша қала тұрғындарына және қала қонақтарына алғыс айтамыз.
Шығармашылық қолдау көрсеткені үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасына және Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұжымына ризашылығымызды білдіреміз.