Бүгін Құрманғазы оркестрінің Жамбыл облысына ұйымдастырған гастрольдік сапарының үшінші күні. Кезекті гастрольдік концерт Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының мәдениет үйінде өтті.
Концерттің құрметті қонағы болған барша аудан тұрғындарына және қонақтарына алғысымызды білдіреміз.
Гастрольдік концертке қолдау білдіргені үшін Жуалы ауданының әкімдігіне және Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне ризашылығымызды білдіреміз.